Биыл фармацевтикалық өнімдер бағасы 2%-ға өсті

893

Медициналық құрал-жабдықтар 5%-ға қымбаттады.

Биыл фармацевтикалық өнімдер бағасы 2%-ға өсті

Биылғы жылдың қазан айының соңында елімізде дәрі-дәрмек, медициналық техника мен аппаратура айына 0,4%-ға және жылына 2,4%-ға қымбаттады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ranking.kz-ке сілтеме жасап. 

Ай сайынғы динамика бойынша сектордағы бағаның ең көп өсуі Алматы (1,7%), Қостанай (1,5%) және Түркістан (1%) облыстарында тіркелген.

Жылдық динамика бойынша бағаның өсуін ең көп Ақмола және Маңғыстау облыстарының (8,1%-ға), сондай-ақ елорда тұрғындары (7%-ға) сезінді. Жыл сайынғы баға өсімі еліміздің 17 өңірінің 16-сында тіркелді. Жамбыл облысында баға аздап төмендеді (0,3%-ға).

Фармацевтикалық өнімдер бір жылда 2,4%-ға, медициналық құрал-жабдықтар 5,4%-ға қымбаттады.

Фармацевтикалық өнімдер бағасының жыл сайынғы өсуін Ақмола облысының (8,2%-ға), Маңғыстау облысының (8,1%-ға) және елорданың (7%-ға) тұрғындары қатты сезінді. Ең аз өсім Алматы қаласында тіркелді (0,2%-ға). Тағы екі облыста – Жамбыл және Түркістан облыстарында баға жылына 0,4%-ға төмендеді.

Медициналық техника мен аппаратура құнының ең жоғары өсуі Қостанай облысында тіркелді (15,1%-ға).  Бұл тізімде Түркістан (14,8%-ға) және Маңғыстау (11,7%-ға) облыстары да бар. Ақтөбе облысында баға керісінше 1,8%-ға төмендеді. Ұлттық статистика бюросы мониторингіне енгізілген дәрілік заттардың ішінде Хилак Форте бағасы бірден 20,3%-ға – 30 мл 1,6 мың теңгеге дейін өсті. "Аквалор" 125 мл 9,8%-ға, 2 мың теңгеге дейін "Но-шпа" 40 мг 100 дәрі – 9%-ға, 2,7 мың теңгеге, "Эссенциале форте Н" 30 капсуласы – 8,2%-ға, 2,9 мың теңгеге дейін жөтелге қарсы "Бронхикум-С" шәрбаты 100 мл – 7,3%-ға, 1,5 мың теңгеге дейін.

Ацетилсалицил қышқылы (11,5%-ға, 10 таблетка 51 тг дейін), парацетамол (8,7%-ға, 10 таблетка үшін 81 тг дейін), азитромицин (3,7%-ға, 931 тг дейін – 500 мг 3 дана) арзандады. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу