Биыл газ саласын дамытудың кешенді жоспары бекітіледі

702

2020 жылы 51 газдандыру жобасын іске асыру үшін 38,5 млрд теңге бөлінді. Құны 13,8 млрд теңгені құрайтын 19 жоба аяқталып, елді газдандыру деңгейі 53,07%-ға жетті. Нәтижесінде 9, 84 млн адам көгілдір отынмен қамтылды.  

  Биыл газ саласын дамытудың кешенді жоспары бекітіледі

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, газдандыруға бөлінетін қаражат жыл сайын ұлғайып келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес талдау жүргізіліп, құны 302 млрд теңгеден асатын, пайдаланушы ұйымдардың теңгеріміне берілмеген        1 227 нысан анықталды. Бүгінгі таңда құны 91,8 млрд теңгенің 427 нысаны пайдалануға берілді. Бұдан бөлек 5 млрд теңге деп бағаланған 57 нысанды өткізу туралы қаулы жобасы әзірленді. Халықты газдандыру үлесі 2021 жылдың соңына қарай 53,8% деңгейінде болады деп болжанды. Нәтижесінде 

140 мың адам газға қол жеткізеді", – деді Нұрлан Ноғаев.

Министрдің мәлімдеуінше, биыл газ саласын дамытудың кешенді жоспары бекітіліп, Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасы жаңартылады.

"Бұл елдің энергия ресурстарын тиімді пайдалануға және газ тарату желілерін салу кезінде бюджет қаражатын ұтымды бөлуге мүмкіндік береді", – деді Нұрлан Ноғаев.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу