Биыл газ тұтынушылар саны артты – Энергетика министрі

1386

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев тапшылық тұтынушылар саны артуынан болып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Биыл газ тұтынушылар саны артты – Энергетика министрі

"Қазақстанда ішкі нарықтың қажеттіліктерін өтеуге сұйытылған газ ресурсы жеткілікті. Жергілікті тұтынушыларды қолдау үшін газдың бағасы реттелді және тоннасына 38 мың теңге деңгейінде белгіленді. Яғни экспорттық бағадан 5-6 есе төмен. Бұл ретте Қазақ Газ Өндеу зауытында сұйытылған газ өндірісінің өзіндік құны тоннасына шамамен 100 мың теңгені құрайды", - деді министр.

Оның айтуынша, биыл тұтынушылар саны артқан: 2019 жылы – 139 990 бірлік, 2021 жылы – 313 373 бірлік.  

"2020 жылы ішкі нарықтың қажеттіліктерін қамту үшін 1,4 млн тонна сұйытылған мұнай газы өндірілді. 2021 жылы ішкі нарықтағы сұйытылған газды тұтыну 1,6 млн. тоннаға дейін өсті. Бұл ретте газ өндірісі өсіп жатқан жоқ. Ал тозығы жеткен зауыттардың жиі жөнделуі жалпы өндірістің төмендеуіне әкеп соғып жатыр. Қазір осы шикізатты өндіруді кеңейту үшін қандай да бір инвестициялық тартымдылық жоқ. Бұл тұтынудың тұрақты өсуі аясында тапшылыққа алып келді", - деді Мырзағалиев.

Ол энергетика министрлігі тапшылық болатынын 2017 жылы болжағанын айтады. "Себебі газ бағасы өте төмен. Тұтыну белсенді өсті және өндірісті одан әрі дамыту мүмкіндігі болмады".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу