Биыл газбен жүретін көліктер саны 44,5 пайызға артқан

1327

Биылғы жылдың алғашқы жартысында  89 592 темір тұлпарға  газ баллоны орнатылыпты. 

Биыл газбен жүретін көліктер саны 44,5 пайызға артқан

Елімізде газбен жүретін көліктер саны күн санап артып келеді. Мәселен биылғы жылдың алғашқы жартысында  89 592 темір тұлпарға  газ баллоны орнатылыпты. Бұл Қазақстанда қаңтар-маусым айларында тіркелген барлық автокөліктердің 15,9 % құрайды, деп хабарлайды Atameken TV.

Өткен жылдың балама уақытымен салыстырғанда аталмыш отын түрін пайдаланған көліктер саны биыл 44,5 пайызға артыпты. 

Газ орнатыған көліктердің 73 008-і жеңіл көлік, 13 694-і жеңіл коммерциялық техника, ауыр коммерциялық техника – 2273,  617-і  автобус.

Айта кетсек, елімізде газдың бағасы ең төмен өңірлер Маңғыстау мен Ақтөбе облысы. Ал ең қымбат көгілдір отын - 25 мың теңге, Алматы қаласы мен Алматы облысында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу