Биыл халық көптен күткен ірі автожол жобалары іске қосылады

1262

Бұл жобалар еліміздің көлік құрылымын нығайтып, іскерлік белсенділіктің артуына ықпал етеді.

Биыл халық көптен күткен ірі автожол жобалары іске қосылады Фото: ашық дереккөз

Президент биыл халық көптен күткен ірі автожол жобалары іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Атап айтқанда, "Астана – Алматы", "Алматы – Өскемен", "Ақтөбе – Қандыағаш", "Атырау – Астрахань" жолдары пайдалануға беріледі. Сонымен қатар "Жезқазған – Қарағанды" магистралін жобалау жұмыстары басталады. Мұның бәрі – жүзеге асырылып жатқан және жоспарланған ауқымды жобалардың бір бөлігі ғана.

Соңғы жылдары еліміздің барлық өңірінде тұрақты түрде жаңа кәсіпорындар ашылып, жаңа жолдар мен көпірлер салынып жатыр. Инженерлік желілер мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандары жаңартылуда. Бірақ көбіне мұндай жағымды ақпарат лайықты деңгейде таралмай жатады. Жақсыны жақсы деп айту керек. Ел дамуындағы оң өзгерістерге көбірек назар аудару бұқаралық ақпарат құралдарының, әсіресе, мемлекеттік БАҚ-тың міндеті деп санаймын", - деді Мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу