Республика халқының табиғи өсімі 2022 жылғы қаңтар-тамызда 2021 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда (178,9 мың адам) 3,6%-ға төмендеп, 172,4 мың адамды құрады. 1000 тұрғынға шаққандағы табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 13,19 адамды құрады.
АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілерінінің жазбаларындағы мәліметтерге сәйкес, 2022 жылғы қаңтар-тамыз аралығында 263,8 мың сәби дүниеге келді, бұл 2021 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 11%-ға аз (296,5 мың адам). 1000 адамға шаққандағы жалпы туу коэфициенті 20,19 туылғандарды құрады.
Осы уақыт аралығында қайтыс болғандардың саны – 91,4 мың, бұл 2021 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 22,3%-ға аз (2021 ж. – 117,6 мың адам).
2022 жылғы қаңтар-тамызда республикада 1 жасқа дейін шетінеген 2208 нәресте тіркелді және 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (2 345 шетінеген нәресте) көрсеткіш 5,8%-ға кеміді. Нәресте өлім-жітімініңкоэффициенті 1000 туғандарға шаққанда 8,37 оқиғаны құрады.
Биыл 1 шілдеде еліміздегі халық саны 19 246,3 мың адамды құраған еді. Ал тамыз айында Қазақстан халқының саны 19 644 067 адамға жетті.