Биыл халықаралық автобус бағыттары бойынша 690 мың жолаушы тасымалданды

1223

Ал жыл басынан бері 11 жаңа бағыт ашылған.

Биыл халықаралық автобус бағыттары бойынша 690 мың жолаушы тасымалданды

Шекаралас мемлекеттермен жолаушылар тасымалын қамтамасыз ету мақсатында жыл басынан бері 11 жаңа бағыт ашылды. Бұл туралы Ташкентте өткен Халықаралық көлік дәліздерінің жүйесіндегі Орталық Азияның орны: стратегиялық перспективалары мен іске аспаған мүмкіндіктер" атты халықаралық конференцияда Қазақстан тарапынан қатысқан  ҚР ИДМ көлік комитетінің төрағасы Әсет Асавбаев айтты.

Биыл Жетіқара - Екатеринбург, Теміртау-Красноярск, Қарағанды-Новосибирск, Петропавл-Сургут, Қант-Қара суу, Тоқмақ-Масанчи, Шымкент-Ташкент, Алматы-Ташкент, Қызылорда-Ташкент, Үшқоңыр-Ташкент, Үшқоңыр-Нүкіс бағыттары ашылған.

2018 жылдың 8 айында қазақстандық тасымалдаушылар халықаралық автобус бағыттары бойынша 690 мың жолаушыны тасымалдады. Соның ішінде Ташкент бағытында 40 мың жолаушы тасымалданған.  

Қазақстан арқылы транзитті дамыту 2015-2019 жылдарға "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Оны іске асыру аясында "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық транзиттік дәлізінің құрылысы аяқталды. Жүк тасымалдау көлемін ұлғайту және транзитті 2,5 есеге арттыру, жолға кететін уақытты 2 есе қысқарту, жол апатын 27%-ға төмендетудің арқасында Дәлізіді пайдаланудан экономикалық пайданың жылдық орташа көрсеткіші 190 млрд теңгеден астам соманы құрайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу