Биыл халықаралық жүйелер арқылы 793 млрд теңге аударылған

646

Шетелге аударылған қаражаттардың негізгі үлесі Ресей Федерациясына тиесілі. 

Биыл халықаралық жүйелер арқылы 793 млрд теңге аударылған

2020 жылдың алғашқы тоғыз айында халықаралық жүйелер арқылы жалпы сомасы  793 млрд теңге аударылған. Бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен 3,4%-ға жоғары, деп хабарлады Ұлттық банк.

"Қазақстаннан басқа елдерге ақша аудару көлемі 16,6%-ға артқан, ал шетелден Қазақстанға аударылған ақша  21,4%-ға қысқарды. Дегенмен ел ішіндегі ақша аударымдары 10,6%-ға өсті", – деп жазылған хабарламада. 

Шетелге аударылған қаражаттардың негізгі үлесі Ресей Федерациясына, Қырғызстанға, Өзбекстан және Түркияға тиесілі. Керісінше Қазақстанға қарай жасалған ақша аударымдарының көбі Ресей Федерациясынан, Оңтүстік Кореядан және Қырғызстан мен  Өзбекстаннан жүзеге асырылды. Шетелге аударылған қаржының орташа сомасы 317 мың теңге болса, Қазақстанға аударылған ақшаның орташа сомасы – 219 мың теңге.

Еске сала кетсек, Қазақстанда 6 халықаралық ақша аудару жүйесі жұмыс істейді. Атап айтсақ, Contact, Faster, MoneyGram, Western Union, Золотая корона және ЮНИСТРИМ бар. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу