Биыл халыққа берілген кредит 4 трлн 438 млрд теңгеге өскен

751

Шағын бизнеске 23,6 млрд теңгеге кредит берілген. 

Биыл халыққа берілген кредит 4 трлн 438 млрд теңгеге өскен

2021 жылдың қаңтарында қазақстандықтарға берілген кредит 4 трлн 438 млрд теңгеге өсті. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, биыл қаңтарда экономика секторына 14 трлн 600 млрд теңге кредит берілген. Халықтың кредиттік портфелі 1%-ға өссе, ал бизнес клиенттері портфелінің кредиті 1,4%-ға төмендеген.

"2021 жылдың қаңтарында халыққа берілген кредиттер 4 трлн 438 млрд теңгеге дейін немесе 1%-ға, ипотекалық қарыздар 2 трлн 410 млрд теңгеге немесе 1%-ға өсті. Шағын бизнеске берілетін кредиттер 23,6 млрд теңгеге артты", - деді Ерболат Досаев.

Ол экономиканың нақты секторына берілген кредиттер өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда 11,5%-ға дейін төмендегенін атап өтті.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу