Биыл инфляция 6-6,5% деңгейінде болады

1169

2022 жылы елдегі инфляция 6-6,5% деңгейінде болады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл инфляция 6-6,5% деңгейінде болады

"Әлемдік экономикадағы ахуалдың дамуын және Қазақстандағы қазіргі ішкі факторларды ескере отырып, жаңартылған болжамға сәйкес Ұлттық банк 2022 жылдың қорытындысы бойынша инфляцияның 6-6,5% деңгейіне дейін баяулауын күтуде", – деп жазылған хабарламада.

Биыл қаңтардың басында Қазақстанда болған қайғылы оқиғаларға және 2021 жылдың бірінші жартысындағы салыстырмалы түрде төмен базаға байланысты инфляциялық процестер өсуі мүмкін.

"Оның негізгі қысымы 2022 жылғы бірінші тоқсанға келеді. Осы жылдың екінші жартыжылдығында ӘМАТ, ЖЖМ және коммуналдық қызметтер бағасын уақытша реттеу шараларының қолданылу мерзімі (180 күн) өткеннен кейін инфляцияның жылдамдау тәуекелі жоғары", – деп жазылған хабарламада.

Бүгінде Ұлттық банк ақша-кредит саясатын күшейтуді қолға алған.

"Үкімет әзірлеп жатқан инфляцияны бақылау жөніндегі шаралар кешенін тиімді іске асырумен бірге Ұлттық банктің дезинфляциялық ақша-кредит саясаты 2022 жылға белгіленген 4-6% мақсатқа сәйкес инфляцияны төмендетуге мүмкіндік береді", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу