ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі биыл қандай өндіріс ошақтары іске қосылатынын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz
1) "KPI" газ-химия кешені ЖШС (полипропилен өндірісінің 1-сатысы) Атырау облысы, (814,3 млрд теңге, 550 жұмыс орны);
2) "KAZ Minerals Aktogay" ЖШС қазір жұмыс істеп тұрған сульфидті фабрика есебінен Ақтоғай тау-кен байыту кешенінің қайта өңдейтін қуаттылығын кеңейту, Шығыс Қазақстан облысы (396 млрд теңге, 700 жұмыс орны);
3) "Жәйрем КБК" АҚ қолданыстағы өндірісті жаңғырту. Қарағанды облысында байыту фабрикасын салу (145 млрд теңге, 381 жұмыс орны);
4) "Казцинк" ЖШС Rail-Veyor көлік жүйесін іске қосу арқылы Долинный-Обручев кенішінің өнімділігін арттыру (1-кезек), Шығыс Қазақстан облысы (37 млрд теңге, 320 жұмыс орны);
5) "Qaz Carbon" ЖШС (Қаз Карбон)" Қарағанды облысында агломерациялық фабрикасы бар Сарыарқа ферроқорытпа зауытын салу (35 млрд теңге, 400 жұмыс орны).