Биыл ІТ саланың 3 бағыттағы гранттарына 16 мың талапкер таласуы мүмкін

Техникалық мамандықтарға грант көп бөлінген.

Биыл ІТ саланың 3 бағыттағы гранттарына 16 мың талапкер таласуы мүмкін Фото: ІТ куб

Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев арнайы брифингте айтты. 

"Пәндер комбинациясы бойынша математика мен физика көш басында тұр. Өйткені техникалық мамандықтарға грант өте көп бөлініп отыр. Екінші орында "биология-химия" комбинациясы тұр. Бұл негізінен медициналық мамандықтарды таңдағандар. Сондай-ақ, үшінші орында шығармашылық комбинация таңдағандар тұр. Шығармашылық мамандыққа түсетінде ҰБТ-да екі пәннен ғана тест тапсырады. Ал өздерінің бейінді пәндерінен түсетін оқу орнында тест тапсырады. Биыл талапкерлердің 10%-ы "математика-информатика" комбинациясын таңдады. Бұл комбинация бұрын болмағанның өзінде 16 мыңдай талапкер таңдаған", - деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу