Биыл иттердің көмегімен 6 тоннадан астам есірткі тәркіленді

379

Елімізде 700-ге жуық қызметтік ит бар.

Биыл иттердің көмегімен 6 тоннадан астам есірткі тәркіленді Фото: Polisia.kz

Кинологиялық қызмет орталықтары барлық облыстық полиция бөліністерінде жұмыс істейді. Онда кинолог-мамандар оқытылып, өздерінің төртаяқты әріптестерін жаттықтырады. Асыл тұқымды иттерден туылған күшіктерді тестілеуден өткізіп, қызметке іріктейді. Таңдап алынғандарға жалпы тыңдау курсын жүргізеді, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ІІМ Кинологиялық орталығында қызметтік иттерді жаттықтырудың және полиция, Ұлттық Ұлан, қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерін кәсіби оқытудың бірегей бағдарламалары әзірленді. Қазақстанның күштік құрылымдарының кинологиялық қызметтері арасында оның аналогтары жоқ. Мұнда мамандар полиция қызметінің барлық бағыттары бойынша білім алады және практикалық түрде дағдыланады. Орталықтың мамандарымен иттерді жаңа психикобелсенді заттар іздеуге үйретудің әдістемесі әзірленді.

Биыл осы бағдарлама бойынша қара нарықта ең көп тараған синтетикалық есірткі альфа-PVP және мефедронның иіс имитаторларын пайдалана отырып, 23 кинолог қызметтік иттерімен бірге үйретілді.

– Биыл өздерінің жануарларымен бірге кинологотардың қатысуымен 260-тан астам есірткі қылмысы ашылды, 6 тоннадан астам есірткі, оның ішінде 7,5 келіден астам синтетика тәркіленді, деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің кинологиялық қызмет басшысы Алмас Кунтуов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу