Биыл қазақтың хас батыры Қаракерей Қабанбайдың туғанына 325 жыл. Осыған орай елордада тарихи-мәдени қордың ұйымдастыруымен ғылыми-танымдық мәжіліс өтті, деп хабарлайды 24.kz.
Жиында қор төрағасы Камал Әбдірахман, жазушы Тұрсын Жұртбай, ақын Несіпбек Айтұлы сияқты зиялы қауым өкілдері тағылымды ой-пікірін ортаға салды.
Сонымен қатар Қабанбайтанушылар Қытай және Ресей архивтерінен батыр өміріндегі біз білмейтін тың деректерді тапқанын айтты.
"Бүкіл Қазақстанның қай облысына барсаңыз, Қабанбай жайлы аңыз-әңгімелер болады. Оны бүкіл қазақ мойындаған. Сары Шуаш айтады: "Абылай әкеп жаныңа тағын құрды ғой" деп. Яғни бұл кісі хандарға сүйеніш болған адам. Үнемі жақсы атақ алған адам. Жаманатты болғанын ешқандай ауызша деректен кездестірмейміз", – дейді Қабанбайтанушы Мұхтарбек Кәрім.