Биыл қай салалар экономиканың негізгі драйвері болды

1006

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин үкімет отырысында экономика өсімінің оң қарқыны сақталғанын атап өтті.

Биыл қай салалар экономиканың негізгі драйвері болды

ЖІӨ өсімі биылғы қаңтар-сәуір айларында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4% құрады. Құрылыс 8,4%-ға, сауда-саттық 7,3%-ға, көлік саласы 4,8%-ға, машина жасау 19,8%-ға, оның ішінде автомобиль өнеркәсібі 45,8%-ға, металл кендерін өндіру 14%-ға, мұнай өңдеу 9,1%-ға және жеңіл өнеркәсіп 27,4%-ға өсіп, экономиканың негізгі драйверлеріне айналды, деп хабарлайды primeminister.kz.

"Осы қарқынды сақтап қана қоймай, экономиканы одан әрі дамыту бойынша шараларды да қабылдау қажет", – деп тапсырды ҚР премьер-министрі.  

Негізгі базалық көрсеткіштер бойынша экономика өсіміне Шығыс Қазақстан, Қостанай, Түркістан, Павлодар, Атырау облыстарында қол жеткізілген. Өз кезегінде, Маңғыстау, Ақмола облыстарының және Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдіктеріне үкімет басшысы құрылыс, инвестициялар, өнеркәсіп және тұрғыс үйді пайдалануға беру көлемдерін арттыру жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу