Биыл қай жолдар ақылы болады?

968

2021 жылы республикалық маңызы бар 1,8 мың шақырым автожол ақылы болады, деп хабарлайды inbusiness.kz  

Биыл қай жолдар ақылы болады?

ИИДМ дерегінше, жұмыстар "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасы аясында жүргізіледі. Жоспарға сәйкес биыл жолдар ақылы болуы керек болған. Алайда тасымалдаушылар тарапынан наразылық туындаған еді. Олар жолдардың сапасына көңілі толмайтынын айтқан. Осыған байланысты жұмыстар күзге шегерілген.

"Осы уақыт арылығында Автомобиль жолдары комитеті, "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы, "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының" қызметкерлері, Көлік комитетінің көліктік бақылау инспекциясы учаскелерде тексеріс жүргізді. Оның қорытындысы бойынша бірқатар іс-шара айқындалып, жабындыны нормативтік жағдайға келтіру бойынша жұмыстар атқарылды", – деп жазылған хабарламада.

Ұзындығы 5,8 мың шақырым кезең-кезеңімен ақылы болады:

Биыл 15 қарашада ұзындығы 1,8 мың шақырым болатын төрт жолақты, бірінші санаттағы республикалық маңызы бар автожолдың 7 учаскесі ақылы болады. Бұл төмендегі жолдар:

"Нұр-Сұлтан – Павлодар", "Қапшағай – Талдықорган", "Тараз – Қайнар", "Шымкент – Тараз", "Шымкент – Қызылорда", "Шымкент – Ташкент", "Щучинск – Көкшетау".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу