Биыл қандай кен орындарында геологиялық барлау жүргізіледі?

315

Көмірсутектердің жаңа кен орындарын іздеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушылар 2024 жылы 80-нен астам іздестіру және барлау ұңғымаларын бұрғылауды жоспарлап отыр. 

Биыл қандай кен орындарында геологиялық барлау жүргізіледі? Фото: Зәуреш СМАҒҰЛ

Қызылорда облысының кен орындарында мұнай өндірудің жыл сайынғы құлдырауын ескере отырып, ағымдағы жылы мұнай мен газға мүдделі құрылымдарды анықтау мақсатында Торғай-палеозой учаскесінде тереңдігі 5500 метр болатын терең іздестіру ұңғымасын бұрғылау басталады. Сондай-ақ, 2024 жылы Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы Абай теңіз құрылымында іздеу ұңғымасы бұрғыланады.

Қаратон подсолевой учаскесінде ("Karaton Operating" ЖШС, тереңдігі 5500 м), Адай блогында ("Ocean Petroleum" ЖШС, тереңдігі 6900 м), Мақсат құрылымында ("Фирма АЛМЭКС ПЛЮС" ЖШС, тереңдігі 6200 м), Сай-Утес учаскесінде (SINOPEC филиалы, тереңдігі 5250м) және А блогында ("5А Ойл" ЖШС, тереңдігі 6900 м) терең ұңғымаларды бұрғылауды бастау бойынша мәселелер пысықталуда.

Бүгінгі таңда геологиялық барлауға салынған инвестициялар сомасы 2023 жылға 152,4 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12%-ға артық (2022 жылға 135,7 млрд теңге). Жалпы геологиялық барлауға инвестицияларды жыл сайын 200 млрд теңгеге дейін жеткізу күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу