Биыл қандай көлік маркалары танымал болды?

869

Автонарықты талдау және мониторингілеу орталығының мәліметінше 2022 жылдың қаңтары мен қыркүйегі аралығында Қазақстанда 97,8 мың жаңа автомобиль тіркеуге қойылды. Бұл былтыр дәл осындай кезеңмен салыстырғанда 2,1%-ға көп, деп жазады Inbusiness.kz.  

Биыл қандай көлік маркалары танымал болды? Фото: egemen.kz

Өткен жылғы секілді биыл да сатып алушылар тарапынан Chevrolet, Hyundai, KIA, Toyota және LADA автомобильдеріне сұраныс көп. Жалпы еліміз бойынша сатылған автомобильдердің 76%-ы осыларға тиесілі.

Қазақстанда, әсіресе, Chevrolet Cobalt, Chevrolet Nexia және Hyundai Tucson модельдеріне сұраныс жоғары. Сондай-ақ осы жылы Toyota Camry автомобильдері Қазақстанда көп сатылған 10 модельдің қатарынан шығып қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу