Биыл қандай нысандарда апат жиі тіркелді

876

2021 жылғы 7 айда апаттың басым бөлігі көмір, металлургия, мұнай-газ, газ және құрылыс нысандарында тіркелген.  

Биыл қандай нысандарда апат жиі тіркелді

Апат салдарынан 1 адам қаза тауып, 6 адам зардап шекті. Бұл туралы ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нығмеджан Мақажанов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, биыл 7 айда нысандарда ерекше тәртіп бойынша 630 тексеріс және жоспардан тыс 371 тексеріс жүргізілген.

"Нәтижесіде 18 640 нысан тексерілді. Осылайша, 17 588 заңбұзушылық анықталды. Оның ішінде ерекше тәртіп бойынша – 16 535, жоспардан тыс – 1053. Тексеру барысында 100 млн-нан аса теңгеге 747 әкімшілік айыппұл салынды", - деді Нығмеджан Мақажанов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Ол өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзғаны үшін 280 объекті және 4 субъектінің жұмысы тоқтатылғанын жеткізді.

"Есепті кезеңде қауіпті өндіріс объектілерінде 14 апат, 187 оқыс оқиға (инцидент) тіркелді. Апаттың басым бөлігі көмір, металлургия, мұнай-газ, газ шаруашылығы және құрылыс объектілерінде болды. Салдарынан 1 қаза тауып, 6 адам зардап шекті", - деп түйіндеді сөзін комитет төрағасы.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу