Биыл қанша адам қандас мәртебесін алды?

916

Жыл басынан бері 3 мыңнан аса этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Биыл қанша адам қандас мәртебесін алды?

Олардың басым бөлігі Өзбекстан, Қытай, Түрікменстан, Моңғолиядан көшіп келген.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 3 078 этникалық қазақ қандас мәртебесін алған. 

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 90,1 мың этникалық қазақ оралған. 

"Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (66,3%) Өзбекстаннан, 11,3%-ы – Қытайдан, 10,9%-ы – Түрікменстаннан, 2,2%-ы – Моңғолиядан және 9,3%-ы басқа елдерден. Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (30,2%), Маңғыстау (19%), Түркістан (11,4%) және Жамбыл (5,9%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (6,5%), Нұр-Сұлтан (7,1%) және Шымкент (7,6%) қалаларына қоныстанды", – деп жазылған хабарламада.

Биыл 1 сәуірдегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 62,7%, еңбекке қабілетті жастан кіші 23,2% және зейнеткерлер 14,1%. 

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 11,5%-ы жоғары білімді, 39,6%-ы орта кәсіби білімді, 47%-ы жалпы орта білімді, 1,8%-ның білімі жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу