2021 жылы 3 млн 314 мың оқушы лагерьде демалады. Бұл туралы БҒМ Балалардың құқығын қорғау комитеті төрағасы Есенғазы Иманғалиев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
"Биыл 1-10 сынып аралығындағы 3 млн 314 мың оқушы демалады деп жоспарланып отыр. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, 13 мың сауықтыру лагері, қала шетіндегі 235 лагерьдің жұмысы ұйымдастырылады", - деді Есенғазы Иманғалиев ОКҚ-де баспасөз мәслихатында.
Комитет төрағасы коронавирус жұқтыру дерегі үнемі назарда болатынын жеткізді.
"Эпидемиологиялық жағдай тұрақты болса, 2 млн бала немесе 87,5% оқушы демалады деген жоспар бар. Оның ішінде 500 мың баланың әлеуметтік жағдайы төмен", - деп түйіндеді сөзін басшы.