Биыл қанша шақырым жол жөндеуден өтеді?

236

Жөнделетін жолдардың 8 мың шақырымы республикалық желілерге тиесілі.

Биыл қанша шақырым жол жөндеуден өтеді? Фото: economist.kg

Биыл жол жөндеу және құрылыс жұмыстары 12 мың шақырымды қамтиды. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында жасаған баяндамасында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Елімізде биыл 12 мың шақырым жолды жөндеу және реконструкциялау жоспарланған. Сонымен қатар, құрылысы ұзаққа созылған бірнеше ірі жобаны аяқтау тапсырылды. Бүгінде жалпы автожолдардың ұзындығы 95 мың шақырымды құрайды, оның 25 мың шақырымы – республикалық, ал қалған 70 мың шақырымы жергілікті жолдарға жатады. Қазіргі таңда республикалық жолдардың нормативтік жағдайы 92%, ал жергілікті желінің көрсеткіші 87%-ды құрап отыр", - деді ведомство басшысы.

Сөзінше, аталған көрсеткіштер жыл соңына дейін тиісінше 93% және 89%-ға жеткізілетін болады.

"Биыл жол жөндеу және құрылыс жұмыстары 12 мың шақырымды қамтиды. Бұл бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткіш болып саналады. Бұл ретте жөнделетін жолдардың 8 мың шақырымы – республикалық, 4 мың шақырымы – жергілікті желіге тиесілі. Жылдың соңына дейін 7 мың шақырымда құрылыс және жөндеу жұмыстары аяқталады", - деді Көлік министрі Марат Қарабаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу