Биыл қаңтарда елімізден шетелге 37,9 миллиард теңге ақша аударылған

1074

Қаржы аудару жүйесі арқылы қазақстандықтар көбіне ақшаны Ресейге жолдаған. Бұл елге кеткен қаржы елден аударылған жалпы соманың 38,7 пайызын құрайды. 

Биыл қаңтарда елімізден шетелге 37,9 миллиард теңге ақша аударылған

2019 жылдың қаңтар айында Қазақстаннан шетелге 37,9 миллиард теңге ақша аударылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,1 пайызға жоғары, деп хабарлайды 24.kz.

Қаржы аудару жүйесі арқылы қазақстандықтар көбіне ақшаны Ресейге жолдаған. Бұл елге кеткен қаржы елден аударылған жалпы соманың 38,7 пайызын құрайды. Бір ғана қаңтар айында елімізден Ресейге 14,7 миллиард теңге аударылған.

Екінші және үшінші орын Өзбекстан мен Түркия мемлекеттерінің үлесінде. Себебі екі мемлекетке жөнелтілген қаржының көлемі шамалас: 4,8 миллард теңгеден келеді.

Төртінші орында Қырғызстан – 4,4 миллиард.

Бестікті Қытай қорытындылап тұр. Бұл елге Қазақстаннан 3,4 миллиард теңге аударылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу