Биыл қаңтарда қазақстандықтарға 274,1 млрд теңге зейнетақы төленді

1958

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.  

Биыл қаңтарда қазақстандықтарға 274,1 млрд теңге зейнетақы төленді Фото: Тұрар Қазанғапов

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 274,1 млрд теңге зейнетақы төленді, деп жазады inbusiness.kz.

"2023 жылғы қаңтарда республикалық бюджеттен 274,1 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді. Оның ішінде базалық зейнетақы  – 84,2 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы – 189,9 млрд теңге.

2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 292 мың адам. Жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 659 теңгені құрады. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 878 теңге, базалық зейнетақы – 37 781 теңге", - делінген министрлік таратқан мәліметте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу