Биыл "Қарағанды-Балқаш" және "Балқаш-Бурылбайтал" учаскелері ашылады

881

Бұл туралы ҚР Индустрия және және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram парақшасында жарияланды.  

Биыл "Қарағанды-Балқаш" және "Балқаш-Бурылбайтал" учаскелері ашылады

Биыл "Қарағанды-Балқаш" және "Балқаш-Бурылбайтал" учаскелері көлік қозғалысы үшін ашылады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қарағанды облысында ұзындығы 575 шақырымды құрайтын республикалық маңызға ие М-36 "РФ шекарасы (Екатеринбург)-Алматы" жолы 2021 жылы пайдалануға берілетін болады. Бүгінгі таңда жолдың екі учаскесінде қозғалыс ашық.

Қазіргі таңда "СП "СинеМидасСтрой" ЖШС, "Даулет-Дорстрой" ЖШС, "СП ҚазГерСтрой" ЖШС, CITICConstructionCo.Ltd, SinohydroCorporationLimited, JVKolinInsaatTurizmSanayiveTicaretA.S., Shanghai Construction Group Co. Ltd. компаниялары құрылыс жұмыстарын бастады. Жұмыстардың сапасын "ҚұрылысСапасы" ЖШС, "ЖолЖобаKZ" ЖШС, "АРСнабиК" ЖШС, "СтройСервисГарант" ЖШС, IsanCorporation ЖШС "ZSENGINEERING" және "Zertec" ЖШС сиқты техникалық бақылау қызметтері жүзеге асырады.

"Қайта жаңарту жобасы аясында 15 көпір, 17 жол айрығы, 40 жол өткелі, 470 су өткізгіш құбыр, демалыс алаңдары мен елді мекендердің маңында орналасатын автопавильондар салынбақ. Қазіргі уақытта 23 млн текше метр жер қазу жұмыстары жүзеге асырылды. Су өткізгіш құбырлардың 60 пайызы орнатылған. Сонымен қатар, 63 шақырымда жол жабынының жоғарғы қабаты, 70 шақырымда жолдың төменгі қабаты және 75 шақырымда жолдың қиыршық тас қабаты төселді. Жоспар бойынша, қайта жаңарту жұмыстарына 2596 жол-құрылыс техникасы мен 4500 маман жұмылдырылады", – деп атап өтеді министрліктен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу