Қарағанды облысында 14 жаңа өндіріс орны іске қосылады

1689

Өңірде өнеркәсіп өндірісі 3,4 трлн теңгеге жетті.  

Қарағанды облысында 14 жаңа өндіріс орны іске қосылады

Қарағанды облысында биыл жеті жаңа өндіріс орны ашылды. Жыл соңына дейін тағы жеті жоба жүзеге асырылады. Елордада өңірдің дамуы туралы есеп берген аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек осындай ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Өнеркәсіп өндірісі 3,4 трлн теңгеге жетті. Қара металлургияда көлем 12,4%-ға, жеңіл өнеркәсіпте – 11,9%-ға, фармацевтикада – 5,8 есе өсті. Біз өзімізге 2021 жылы инвестицияларды 740,3 млрд теңгеге дейін ұлғайту және 14 жаңа өндіріс есебінен 2 мыңға жуық жұмыс орнын құру жоспарын қойдық. Олардың жетеуі іске қосылды", – деді Жеңіс Қасымбек.

10 айда 607 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. Оның 73%-ы – жеке меншік.

"Облыста жаңа ірі кәсіпорындарашылды. Мысалы, Жәйрем КБК полиметалл фабрикасы шамамен 400 адамды жұмыспен қамтамасыз етті. Жаңа фабрика моноқала тұрғындары 100 жылға дейін жұмыспен қамтиды. Кәсіпорында жылына 5 млн тоннаға жуық кен өңделетін болады. Қарағандыда күлі аз жоғары сапалы көмір өндіретін байыту фабрикасы іске қосылды. Оның қуаттылығы жылына 2 млн тонна", – деп атап өтті аймақ басшысы.

Саран қаласындағы "Қазтехна" зауытының екінші кезеңі іске қосылды. Кәсіпорын шағын торапты автобустарды құрастыруға көшті. Жыл соңына дейін өңірде өнеркәсіптің түрлі салаларында – тау-кен металлургия, өңдеу, тамақ және т.б. тағы жеті жобаны іске қосу жоспарлануда.

"Қарағанды облысы экономикасының құрылымында өнеркәсіптік өндіріс жартысынан көбін алады. Өңір бүгінде әлемнің 49 еліне өнім экспорттайды", – деп қорытындылады Жеңіс Қасымбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу