Биыл Қарағанды облысында 4 мыңнан астам пәтер салынады

755

"7-20-25" бағдарламасы бойынша Жезқазған, Қарағанды және Сәтпаев қалаларында 1052 пәтер салынады. 

Биыл Қарағанды облысында 4 мыңнан астам пәтер салынады

Биыл Қарағанды облысында "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 420 мың шаршы метр тұрғын үй – 4 300 пәтер салу жоспарланған. Бұл туралы Қарағанды облысы құрылыс басқармасының басшысы Тайхан Қалмаханов мәлімдеді, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Республикалық бюджет есебінен аймақта 416 жалға берілетін пәтер салынады. Оның 228-і Саран, Теміртау, Приозерск қалалары және Бұқар Жырау, Шет және Ақтоғай аудандарында қолданысқа беріледі. 

Сондай-ақ, "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша Қарағанды облысында биыл 594 несиелік пәтер пайдалануға беріледі.

Көпбалалы және аз қамтылған отбасылар үшін Жезқазғанда 60 пәтерлі үй салынады. Сәтпаев қаласында – 56 пәтерлі үй, Қарқаралы және Осакаров ауданында – 72-пәтерге шақталған төрт үй, Жаңаарқа ауданында 88 пәтерлік жеті үй салынбақ. Абайда 80 пәтерлік үй, ал Бұқар жырау ауданында 16 пәтерге шақталған үй салынады. Жаңа тұрғын үйлер жалға берілетін болады. 

Облыстық бюджеттен аз қамтылған және көпбалалы отбасылар тұрғын үй алу үшін 1 миллиард теңге бөлінді. Олар ТҚЖБ-ның жеңілдетілген бағдарламасы бойынша екінші нарықта пәтер сатып алуға жылына 2% несие алу мүмкіндігіне ие болады.

"7-20-25" бағдарламасы бойынша Жезқазған, Қарағанды және Сәтпаев қалаларында 1052 пәтер салынады. Аталмыш бағдарлама бойынша бюджеттік сала қызметкерлеріне тұрғын үй сертификаттары беріледі. Бұл үшін облыстық бюджеттен бір миллиард теңге қарастырылған.
2019 жылдың алғашқы екі айында облыста 729 пәтер пайдалануға берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу