Жұмыспен қамтудың негізгі шараларының қатарында ведомство басшысы бос жұмыс орындарын, әлеуметтік жұмыс орындарына жолдама, қоғамдық жұмыстарға тарту, "Жастар тәжірибесі" және "Бірінші жұмыс орны" жобаларын атады.
– Облыста мүгедектігі бар жұмыспен қамтылған адамдардың үлесі 37,1 % құрайды. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында биыл мүмкіндігі шектеулі 700 адамды қамту жоспарлануда. Біз 427 жұмысқа орналастырдық, оның 105-і жастар, – деді жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсем Жүніспекова.
Сондай-ақ облыста мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қолданылады. Биыл квотасы бар 49 кәсіпорын анықталды. Бұдан басқа, мүгедектігі бар қарағандылықтар гранттарға үміткер бола алады немесе Жастар бастамаларының бюджеттік несиесін пайдалана алады.
Алдағы үш жылға арналған мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі жоспардың орындалу барысы туралы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Рауан Таран есеп берді.