Биыл Қарағанды облысында егін алқабы 1,1 млн гектарды құрайды

504

Қарағанды облысында көктемгі егіске дайындық жүріп жатыр.  

Биыл Қарағанды облысында егін алқабы 1,1 млн гектарды құрайды Фото: gov.kz

Биылғы жылы дәнді және басқа да дақылдар 1,1 млн га жерге егіледі, деп жазады inbusiness.kz.

Сонымен қатар биыл картоп пен көкөністер отырғызу көлемі артады.

Көктемгі дала жұмыстарына дайындық туралы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Санаубаров баяндады.

Оның айтуынша, 2023 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының көктемгі егісі 1 105,5 мың гектарды құрайды, бұл өткен жылғы деңгейден 43,7 мың гектарға артық. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 957,2 мың га, майлы дақылдар – 59 мың га, жемшөп дақылдары – 76,2 мың га жерге отырғызылатын болады. Ауыл шаруашылығы құрылымдарында картоп отырғызу 12 мың га алаңда жоспарланған – өткен жылмен салыстырғанда 526 га, көкөністер – 1,7 мың га.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу