Биыл Қарағандыдан Жезқазғанға дейінгі заманауи жол құрылысы басталады

500

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Қожанов хабарлады, деп жазады inbusiness.kz ekaraganda.kz порталына сілтеме жасап.

Биыл Қарағандыдан Жезқазғанға дейінгі заманауи жол құрылысы басталады Фото: Tengrinews

"Қарағанды-Жезқазған жолы бойынша жоба әзірленді. Бүгінде ол мемлекеттік сараптамадан өту сатысында тұр. Оны жүзеге асыруды бастау биылға жоспарланған. Жаңаарқадан Қарағандыға қарай 40 шақырым автомобиль жолы салынады. Сонымен қатар Қарағандыдан Жезқазғанға дейін және одан әрі Қызылорда облысына қарай толыққанды төрт жолақты жол пайда болады”, - деді спикер.

Бұл жоба шеңберінде жергілікті атқарушы билік Ақтас ауданында теміржол өткеліндегі кептеліс мәселесін шешуге де уәде беріп отыр. Сәйкесінше мұнда келесі жылы жол өткелі салынбақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу