Биыл кәсіпкерлердің құқығын қорғауға қатысты 53,7% оң шешім қабылданды

69

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұровты қабылдады.  

Биыл кәсіпкерлердің құқығын қорғауға қатысты 53,7% оң шешім қабылданды Фото: akorda.kz

Ақордадағы қабылдауда Қанат Нұров биыл кәсіпкерлердің құқығы бұзылуына қатысты келіп түскен 3275 шағымның 1759-ы (53,7%) бойынша оң шешім қабылданғанын жеткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Соның нәтижесінде 20 миллиард теңгеден астам шығынның алдын алуға мүмкіндік туды. Жалпы, арыз-шағым саны 12 пайызға азайған. Бұл әкімшілік әділет институтының тиімділігін көрсетеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында бизнестің дамуын тежейтін басы артық әкімшілік кедергілерді анықтауға және жоюға баса мән берілді.

Сонымен қатар бизнес-омбудсмен кәсіпкерлік қызметті реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізуге қатысты бірқатар ұсынысын жеткізді. Кейбір жекелеген жағдаяттар бойынша тиісті реттеуші және құқық қорғау органдарына талап-арыз жолданған.

Кездесу соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлердің құқығын қорғау шараларын одан әрі күшейту маңызды екеніне назар аударды. Мемлекет басшысы Кәсіпкерлікті қорғау стратегиясын жүзеге асыру аясында қордаланған проблемаларды шешуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу