Биыл кәсіпкерлерге 2,5 трлн теңге жеңілдетілген кредит беріледі – министр

844

2021 жылы 7 мыңнан аса жобаға 2,5 трлн теңге сомасында жеңілдетілген кредит беріледі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Биыл кәсіпкерлерге 2,5 трлн теңге жеңілдетілген кредит беріледі – министр

Оның айтуынша, өткен жылдың 3-тоқсанында экономикадағы шағын және орта бизнестің үлесі 35,5%-ға жеткен. Олар 37,7 трлн теңге өнім шығарған. Ал осы жылдың 1 қаңтарында шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар саны – 3,4 млн адам. 

"Биыл шағын және орта бизнесті жеңілдікпен кредиттеу жұмыстары жалғасып жатыр. 2021 жылдың 1-тоқсанында 663 млрд теңге сомасында 16 мыңнан аса жоба жеңілдетілген қаржыландыру алды. Жыл қорытындысы бойынша 7 мыңнан аса жоба 2,5 трлн теңге сомасында жеңілдетілген кредитпен қаржыландырылады", - деді министр Үкімет отырысында.

Әсет Ерғалиев экономиканың зардап шеккен секторларындағы шағын және орта бизнес кредиттері қайта қаржыландырылып жатқанын атап өтті.

"2020 жылдың 15 наурыз бен 2021 жылдың 15 наурыз аралығында 475 млрд теңге сомасында 9 мыңға жуық жоба қайта қаржыландыру үшін субсидиялар берілді. Биыл бұл тізбе 145 экономикалық қызмет түріне кеңейтілді. Кеңейтілген тізбе бойынша субсидиялар 132 млрд теңге кредит портфелі сомасына 2 мың жобаға төленеді", - деді ведомство басшысы.

Әсет Ерғалиев осы жылдың 1 сәуірінде Мемлекет басшысы экономиканың зардап шеккен секторларында кредиттерді қайта қаржыландыру мерзімін 1 шілдеге дейін ұзартуды тапсырғанын еске салды.

"Осы жұмыс аясында 93 экономикалық қызмет түрі анықталды. 425,5 млрд теңге сомасына 6,7 мыңнан аса жобаны қамту жоспарланып отыр", - деп түйіндеді сөзін министр.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу