Биыл Қазақ ұлттық медицина университетінің 463 түлегі ауылдарға барады

1271

Осы жылы ҚазҰМУ-ды 884 интерн мен 158 резидент бітіріп шықты. Оның 463-і Қазақстанның аймақтарында жұмыс істейтін болады.

Биыл Қазақ ұлттық медицина университетінің 463 түлегі ауылдарға барады

Биыл С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің 463 интернатура және резидентура түлегі еліміздің ауылдық елдімекендеріне аттанбақшы, деп хабарлайды ЖОО баспасөз қызметі.

Осы жылы ҚазҰМУ-ды 884 интерн мен 158 резидент бітіріп шықты. Оның 463-і Қазақстанның аймақтарында жұмыс істейтін болады.

Жалпы алғанда, университеттің 2018-2019 жылғы 636 түлегі бүгінгі таңда жұмысқа орналасқан. Сонымен қатар, биылғы жылға елімізге 3447 медицина мамандары қажет.

Ауылдық елдімекендерге жұмыс істеуге барған студенттер 70 АЕК (176 750 теңге) мөлшерінде көтерме жәрдемақы ала алады. 2019 жылы бұл соманы 252 500 теңгеге дейін өсіру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, "Дипломмен ауылға" бағдарламасы қатысушыларына тұрғын үйді сатып алуға және салуға арналған 1500 айлық көрсеткіш көлемінде (3 787 500 теңге) бюджеттік несие беріледі. Несие мерзімі – 15 жыл, пайыздық мөлшерлеме – 0,01%.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу