Қазақстанда осы жылдың І тоқсанында 5,3 мың тонна уран өндірілді. Бұл туралы энергетика вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов айтты, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
"Уран өндіру І тоқсанда 5,3 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың балама уақытындағы көрсеткішпен бірдей", - деді ол үкімет отырысында.
Сондай-ақ І тоқсанда 28,4 млн тонна көмір өндірілген, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 102,2% құрады.
"Ішкі нарыққа 20,6 млн тонна көмір жеткізілді. Экспортқа 7,8 млн тонна жөнелтілді", - деп қосты ол.
Қазақстан биыл 23121 тонна уран өндірмек. Осы жылы өткен жылмен салыстырғанда 1,15 %-ға кем меже қойылып отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу