2021 жылдың 10 айында "ҚТЖ" 212 млн тонна жүк тасымалдады, деп хабарлайды inbusiness.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жүктің 138 млн тоннасы ел ішіне, ал экспортқа 74 млн тоннасы жөнелтілген.
"Биылғы жылдың қаңтар-қазан айларында тас көмір тиеу 3,7%-ға өсіп, 86 млн тоннаны құрады. Қазақстандық тұтынушыларға 60 млн тонна қатты отын жеткізілді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16%-ға өсті. Экспортқа 26 млн тоннасы жөнелтілді. Астық тиеу 2,6%-ға артып, 7,2 млн тоннаға жетті. Оның ішінде экспортқа 5,4 млн тоннасы тиеліп, өсім 5,6%-ды құрады. Есепті кезеңде 14,5 млн тонна мұнай жүктері, 13 млн тонна құрылыс жүктері, 22,8 млн тонна темір кені мен марганец, 18 млн тонна түсті кен мен күкірт шикізаты, 3,2 млн тонна химиялық тыңайтқыштар, 4 млн тонна қара металдар тасымалданды", – деп жазылған хабарламада.
Биылғы 10 ай қорытындысы бойынша пайдалану жүк айналымы өткен жыл деңгейіне қарағанда 2%-ға артып, 197,2 млрд т-км неттоны құраған.