Биыл Қазақстан арқылы 350 мың контейнер тасымалданады

925

Биыл Қазақстан арқылы 350 мың контейнер тасымалданады

Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Аустрияның 2018 жылы ЕҚЫҰ Азия ынтымақтастық тобына төрағалығы шеңберінде ұйымдастырылған "Жаһандық әлемде тиімді көпжақты дипломатия - Еуропа мен Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі елдердің үлгісі" атты  халықаралық конференцияға қатысты, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Роман Василенко экономикалық өзара байланыстық тақырыбына арналған сессиядағы баяндамасында Қазақстан президентінің "Ұлы Еуразия" бастамасы туралы  хабардар етті.

Аталған бастамалар Қазақстанның Орталық Азияны 4,4 млрд халқы бар нарыққа ие Еуропа мен Азия арасындағы негізгі стартегиялық көпір болу мүддесіне сәйкес келеді.

ҚР сыртқы саясат ведомство басшысының орынбасары ЭКСПО инфрақұрылымы негізінде бүкіл ЕҚЫҰ аумағына арналған өзара байланыстық және жасыл экономика жөніндегі ЕҚЫҰ тақырыптық орталық/хаб құру мәселесіне аса назар аударды.

"Батыс және Ресей арасындағы өзара санкцияларына байланысты көптеген саяси және техникалық қиындықтарының болуына қарамастан,кең жән қысқа енді темір жолдың байланысын жетілдіру немесе Балтық теңіз порттарын пайдалану арқылы трансконтинентальдық сауданы арттыру мүмкіндіктері туралы айтты. Бұл өсім Еуроатлантикалық және Еуразия-Тынық мұхиты аймағындағы барлық елдерге пайда әкелетінін, сол себепті Қазақстан дәйекті түрде өзара байланыстық тұжырымдамасын әзірлеу арқылы аталған мәселелерді шешу бойынша жұмысты атқарғанын және жалғастыратынын",- деп атап өтті ол.

2010 жылы Қазақстан арқылы трансконтиненталдық контейнер тасымалы болмағаны, 2011 жылдың өзінде тек 1200 контейнер тасымалданғаны айтылды. 2017 жылы Қазақстан темір жолдары арқылы Азиядан Еуропаға және теріс бағытта 200 000 контейнер тасымалданды. 2018 жылы бұл көрсеткіш 350 000 контейнерге жететіні жоспарланған, ал 2020 жылы Қазақстан аумағы арқылы барлық бағыттарға 2 млн. контейнер тасымалдануы көзделуде.

Соңғы он жыл ішінде Қазақстан өзінің транспорттық инфрақұрылымына 30 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйды, 2020 жылғы дейін қосымша 8,4 млрд АҚШ долларын бөлу қарастырылған.

Конференция барысында Венадағы БҰҰ бөлімшесінің басшысы Юрий Федотов ЕҚЫҰ адам саудасына қарсы күрес жөніндегі үйлестіруші және арнайы өкіл әрі қазақстандық дипломат М.Жарбосынованың офисімен тығыз ынтымақтастық орнатылғанына назар аударды.

Іс-шара шеңберінде Роман Василенко, К.Кнайссль, Т.Гремингер мен ЕҚЫҰ тұрақты кеңесінің төрағасы - Италия тұрақты өкілі Алессандро Аццонимен кездесулер өткізіп, екіжақты ынтымақтастық және ЕҚЫҰ күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Айта кетсек, Қазақстан 2017 жылы ЕҚЫҰ-ға Аустрия және 2018 жылы Италия төрағалығы барысында ЕҚЫҰ Экономика және экология комитетіне төрағалық етті

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу