2018 жылдың 9 айында транзит қатынасында тасымалданған контейнерлер саны 353 мың ЖФЭ (жиырмафунттық балама) құраса, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімінен 45% артық. Контейнерлер транзитінің негізгі бағыттары ретінде Қытай – Еуропа – Қытай сақталып отыр, деп хабарлайды ҚТЖ баспсөз қызметі.
Бұл дәліз бойынша тасымал көлемі 203 мың ЖФЭ құрап, 2017 жылдың сәйкес мерзімінен 68% жоғары екендігін көрсетті.
"Қытай – Еуропа – Қытай бағының тасымал өзгешілігін және маусымдығын ескерсек, ағымдағы жылдың соңғы тоқсанында тасымал көлемі артады деп күтілуде. Ай сайын Достық және Алтынкөл станциялары бойынша 35 мың ЖФЭ астам тасымалданады деп жоспарланып отыр", - деді "ҚТЖ" ҰК" АҚ маркетинг және транзит саясаты департаментінің директоры М.Ахмеджанова.
Өзге бағыттар бойынша контейнерлі транзиттік тасымал 149 мың ЖФЭ құрады.
2018 жылдың аяғына дейін жалпы контейнерағынының транзитін 536 мың ЖФЭ жеткізу көзделіп отыр.