Биыл Қазақстан мен АҚШ-тың дипломатиялық қатынасына 28 жыл толады

1390

Мәжіліс төрағасы АҚШ елшісімен кездесті.

Биыл Қазақстан мен АҚШ-тың дипломатиялық қатынасына 28 жыл толады

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Американың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозерді қабылдады, деп хабарлайды мәжілісі аппаратының баспасөз қызметі.  

Нұрлан Нығматулиннің пікірінше, АҚШ елімен жан-жақты әрі өзара тиімді қатынасты нығайту біздің еліміздің сыртқы саясатының маңызды бағыттарының бірі. Биыл қос мемлекет арасында дипломатиялық қатынастың орнағанына 28 жыл толады. Осы уақыттар ішінде, сенімді саяси диалог орнап, екіжақты байланыс кеңейтілген стратегиялық әріптестік деңгейіне жетті.

Сауда-экономикалық саланы сөз еткенде, Нұрлан Нығматулин екіжақты тауар айналымы  2018 жылы 2,25 млрд долларға жеткенін,  өткен жылмен салыстырғанда 37 пайызға өскенін алға тартты.

Мәжілісте АҚШ-пен ынтымақтастық жөніндегі топ жұмыс істейді. Америкада құрылған "Қазақстан достары тобымен де" белсенді әріптестік бар.

Тараптар бірлескен сындарлы жұмыс – парламентаралық байланыстарды, сонымен бірге, екіжақты қатынастарды нығайтуға кең жол ашатынына сенімді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу