Биыл Қазақстан мен Нидерланды арасындағы тауар айналымы 2,5 млрд долларға жетті

242

Оның ішінде экспорт 2,37 млрд, импорт 168 млн долларды құрады. 

Биыл Қазақстан мен Нидерланды арасындағы тауар айналымы 2,5 млрд долларға жетті Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Қазақстан-Нидерланды бірінші іскерлік кеңесінде "Бенилюкс" сауда палатасының бас директоры Әнуар Құржықаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сауда палатасы басшысының мәліметінше, Қазақстан Нидерландыға негізінен шикі мұнай, мұнай өнімдерін, ферроқорытпалар, титан, өңделмеген қорғасын эспорттайды. Ал Нидерланды Қазақстанға тракторлар, құрылыс конструкциялары, дәрі-дәрмектер, гүлдер және басқа да өсімдіктер, электр генераторының қондырғылары сияқты заттарды жеткізеді.

"Қазақстанда Нидерландтың қатысуымен 681 заңды тұлға тіркелген. Кәсіпорындардың көпшілігі мұнай-газ секторымен, геологиялық барлаумен, ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарын жеткізумен, фармацевтика, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етумен, халық тұтынатын тауарларды өндірумен айналысады. Ұзақ жылдар бойы Нидерланды Қазақстанның №1 инвесторы және ЕО тарапынан негізгі сауда серіктесі, сонымен қатар жаңа технологияларды маңызды жеткізушілердің бірі болып келеді", – деді Әнуар Құржықаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу