Биыл Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 20 млрд долларға жетуі мүмкін

681

2021 жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 20 млрд долларға жетуі ықтимал. Бұл туралы РФ Президенті Владимир Путин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Биыл Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 20 млрд долларға жетуі мүмкін

"Биыл 7 айда қос мемлекет арасындағы тауар айналымы 34%-ға өсіп, біздің мәліметке сәйкес 14 млрд доллар болды", – деді Владимир Путин Көкшетауда өткен Қазақстан мен Ресей XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында.

Ол осы жылы қос ел арасындағы тауар айналымы рекордтық деңгейге жетуі мүмкін екенін айтты.

"Жылдың соңында қос мемлекет арасындағы тауар айналымы рекордтық көрсеткішке жетіп, 20 млрд доллар болуы мүмкін деген болжам бар", – деді Ресей президенті.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу