Биыл Қазақстанда 1,8 мың шақырымға жуық газ желісі тартылды

786

Жыл соңына дейін елде 85,7 млн тонна мұнай өндіру жоспарланған. 

Биыл Қазақстанда 1,8 мың шақырымға жуық газ желісі тартылды

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу" ұлттық жобасы аясында энергетика және мұнай-газ-химия салаларына үлкен мән берілген. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша елде мұнай өндіру көлемі 85,7 млн тоннаны құрайды. Саланы одан әрі дамыту үшін қазіргі кезде Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарында ауқымды жобалар іске асырылып жатыр. Алдағы уақытта Қаламқас теңіз және Хазар теңіз жобаларын игеру жоспарланған. Бұл жобалардың жалпы құны 51 млрд доллардан асады", – деді Асқар Мамин. 

Үкімет басшысының айтуынша, биыл өңірлерді газдандыру бойынша шамамен 52 млрд теңгеге 140-тан астам жоба іске асырылды, 1,8 мың шақырымға жуық газ желісі тартылды. 

"Осыған орай қазіргі уақытта халықтың газбен қамтамасыз етілуі 10 млн адамнан асады. Бұл жұмыс жалғасады. Мұнай-газ өндірісін дамыту экономиканы жаңғыртудың маңызды бағыттарының бірі. 2021 жылдың қорытындысы бойынша мұнай-газ химиясы өнімін өндіру көлемі 190 мың тоннаны құрайды", – деді ҚР Премьер-Министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу