Биыл Қазақстанда 22 ірі сүт-тауарлары фермасы іске қосылады – АШМ

674

Бірінші жартыжылдықта 6 ірі сүт фермасы іске қосылды. 

Биыл Қазақстанда 22 ірі сүт-тауарлары фермасы іске қосылады – АШМ

Жыл соңына дейін тағы 16 СТФ пайдалануға беріледі, деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.

"Биылғы жылдың алғашқы алты айының қорытындысы бойынша 3810 бас ІҚМ-ға арналған 6 сүт фермасы іске қосылды. Олардың бесеуі Алматы облысында орналасқан: "Аксут LLC" ЖШС СТФ және "Фирма Апрель", "Алматы" Племзавод ","Қарабасова " және" Садыхан " ШҚ. Сонымен қатар, Түркістан облысында сүт тауарлары фермасын кеңейту жобасы аясында 1600 басқа арналған "Қазына жер" ЖШС ашылды",– дейді министрліктен.

Айта кетсек, Ауыл шаруашылығы министрлігінің бастамасы бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму  министрлігі СТФ құрылысы жобаларына сараптама жүргізу рәсімін жеңілдеткен еді.

Ірі қара мал саны 1500-ге дейін (қоса алғанда) сүт өндіруге арналған мал шаруашылығы кешендерін II (қалыпты) жауапкершілік деңгейіне жататын ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық тұрғыдан күрделі нысандарға жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларына түзетулер енгізілді.

"Бұл мемлекеттік монополияға қатысты кешенді ведомстволық емес сараптамадан өту міндеттемесін жоққа шығарады. Осылайша, жобаның тапсырыс берушілеріне (фермерлеріне) кез-келген аккредиттелген сараптамалық ұйымды ТЭН немесе жобалық-сметалық сараптама жүргізу үшін таңдауға мүмкіндік беріледі. Бұл процестерді жеделдетуге және құрылысқа қажетті құжаттарды дайындау шығындарын азайтуға мүмкіндік береді",– деп жазылған ведомство хабарламасында.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін фермерлер кешенді ведомстводан тыс сараптамадан өткен кезде мал шаруашылығы жобаларын іске асырудың құны мен қымбаттауы туралы бірнеше рет шағымданған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу