Құны 871 млн теңге болатын зауыт "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағында 2017 жылдың төртінші тоқсанында салынады. Бұл туралы АЭА-ның баспасөз қызметі хабарлады.
"Ақтау теңіз порты" АЭА-ның ақпараты бойынша, кәсіпорын негізінен шойын мен болаттан құйылған бұйымдар шығарады. Жобаның қуаты 1 мың тонна бұйымды құрайды. Өнім газдандырылған модельдер бойынша ілкімді әдісті қолдану арқылы өндіріледі. Жобаның аумағы – 2 гектар. Болат құю зауыты биылғы жылдың соңында жұмыс істей бастайды.
АЭА өкілдері биыл құрылысы 2015 жылдан бері жүргізіліп жатқан "Ақтау керамзит зауыты" және "Ақтау Энергомаш" кәсіпорны іске қосылатынын тілге тиек етті.
2018 жылы тағы 13 жоба аяқталады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу