Бұл туралы Бас прокуратура жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ондағы есеп бойынша биыл қылмыстық құқық бұзушылықтар -6,5%-ға кеміген. Жарты жылда елімізде 64 529 қылмыстық құқықбұзушылық тіркеліп отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4463-ке аз.
Мысалыға алсақ, қылмыстық құқықбұзушылықтардың 80-ы – қылмыстар, оның 52 117-сі жарты жылда тіркелген. Аса ауыр қылмыстар саны 58,4%-ға, орташа ауырлықтағы қылмыстар 14%-ға, онша ауыр емес қылмыстар 13,4%-ға азайды. Бірақ, ауыр қылмыстар саны 2,4%-ға аздап өскен.
Қылмыстың жалпы саны да, жекелеген түрлері де азайып келеді.
Ұрлық – төмендеуі -27,6%. Ұрлық шамамен үштен біріне азайды: бір жыл бұрынғы 16 309 оқиғамен салыстырғанда 11 809 оқиға.
Тонау 34%-ға (870 фактіден 574 фактіге дейін), қарақшылық 38,6%-ға (70-тен 43-ке дейін), адам өлтіру: –18,8% (324-тен 263-ке дейін), адам өлтіруге оқталу: –32,1% (78-ден 53-ке дейін), бұзақылық: –23% (892-687), зорлау: –11,7% (256-дан 226-ға дейін) азайды.
Алты айда 263 адам өлтіру оқиғасы тіркелген. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 61 жағдайға аз.