Биыл Қазақстанда көлік бағасы қанша пайызға қымбаттайды?

884

Қазақстанда 5 млн-нан астам көлік құралы тіркелген.

Биыл Қазақстанда көлік бағасы қанша пайызға қымбаттайды? Фото: Inbusiness.kz

Қазақстанда 2024-ші жылы автокөлік бағасы шамамен 17 пайызға дейін қымбаттауы мүмкін. Биыл да қытайдан шыққан темір тұлпарларға сұраныс арта түспек, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Негізі өткен жылғы көрсеткіш бойынша, елдегі жаңа сатып алған көліктердің әрбір төртіншісі аспан асты елінде шығарылған. Ал былтыр Қазақстанда көлік сату рекордтық көрсеткішке жетіпті. Бұл қарқын 2024-ші жылы да жалғаса ма? Қазақстанда автокөліктерді несиелеу мәселесі қалай болмақ?

Қазақстанда 5 млн-нан астам көлік құралы тіркелген. Оның 88 пайызы, яки 4 млн-нан астамы жеңіл темір тұлпарларға тиесілі болса, 10 пайызы жүк көліктері, ал 2 пайызы автобустар екен. Жыл басынан бері елімізде автомобильдердің саны 14 пайызға артқан. Бұл соңғы 10 жылдағы ең жақсы нәтиже дейді нарыққа талдау жасаған сарапшылар. Ал сатып алушылар арасында Қытайда шығарылған көліктер кең сұранысқа ие. Былтыр Қазақстанда сатылған әрбір төртінші көлік аспан асты елінде өндірілген екен. Бұл үрдіс биыл да сақталады деп топшылайды мамандар.

"Қытай көліктерінің келуі. Олардың бағасы төменірек мысалға. Ішіндегі комплектация дейді солар қызығырақ мысалы. Тағы бір мәселе бар ғой. Экономикалық өсу. Мысалы, 2023 жылы бізде жақсы өтті деп ойлаймын. Бізде инфляция төмендеді. Мысалы, 21 пайыздан 9,8 пайызға. Халықтың жағдайы жақсарды. Сосын неше түрлі бөліп төлеу пайда болды нарықта. Осының бәрі әсер етеді", - дейді сарапшы Аңсар Әбуев.

Ал, Қазақстанда 2024 жылы автокөлік бағасы шамамен 17 пайызға дейін қымбаттауы мүмкін. Десе де, биыл да темір тұлпар сату қарқыны сақталады дейді сарапшылар. Көлік нарығының қарқынды өсуіне елде базалық мөлшерлеменің төмендеуі де себеп болады деп болжайды. Бірақ елде автокөліктердің несиелеу мәселесі былтырғыдай 10 пайыздан жоғары болып қалады. Ал жаңа жеңілдікпен жаппай кредиттеу бағдарламасының пайда болуы екіталай деп отыр.

"2023 жылы халық көлікті қалай болса да алуға дайын еді. Бірақ пандемиядан кейін салондарда жаңа автомобильдер жоқтың қасы болды. Бұл жерде логистикалық мәселелер туындағанын айта кету керек. Бірақ енді мемлекеттік бағдарламаларға қарамай-ақ, тиімді жолмен көлікті несиеге алуға болады. Қазір көп арасында 7 млн теңгеге дейін автокредиттеу кең сұранысқа ие", - дейді Банктің даму жөніндегі департамент директоры Ялкунчан Ғаниев.

Ал соңғы уақытта көп арасында электромобильдерге деген қызығушылық байқалады. Мамандар елде оларды қолдануға қолайлы жағдай жасалмаса, сатып алушылар саны күрт азаюуы мүмкін дейді. Өйткені, қуаттайтын жер тапшы. Айта кетейік, экологиялық таза көліктің саны әсіресе Алматыда көп екен. Мәселен, 2022 жылы 43 ғана электрокар болса, араға бір жыл салып оның саны 420-ға жеткен. Ал қазір мегаполис көшелерінде 3 мыңға жуығы жүр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу