Бұл туралы Digital Almaty форумында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Айтуынша, Қазақстан 34 шетелдік жоғары оқу орнымен серіктестік туралы келісім жасаған. Биыл бұл тізімге тағы 11 шетелдік жоғары оқу орны қосылады.
– Биыл өте мықты университеттердің филиалдары ашылады. Атап айтар болсам, әлемдік рейтингте 200 үздік оқу орындарының қатарына кіретін Ұлыбританиядағы Кардифф университеті, Эсетер және Шотландиядағы Глазго университетінің және KAIST (Korea Advanced Institute of Science and Technology). Бұл ЖОО барлығы әлемдегі рейтингі жоғары университеттердің қатарында, – деді ол Digital Almaty форумында сөйлеген сөзінде.
Оның айтуынша, Алматыда осыдан 3 жыл бұрын De Montfort University жоғары оқу орнында 1000-ға жуық студент білім алып жатыр. Оның басым бөлігі шетелдіктер. Түркия, Ресей және Оңтүстік Африкадан келген.
De Montfort University Kazakhstan кампусының басшысы және академиялық директоры Эрик Димла университет Қазақстанның халықаралық аренадағы позициясын нығайтуға көбірек көңіл бөлетінін айтты.
– Біз тек ел ішінде болып жатқан оқиғаларды ғана емес, сонымен қатар оның шекарасынан тыс жерлерде болып жатқан жағдайларға да баса назар аударамыз, осылайша қазақстандық жоғары оқу орындарының түлектері әлемдік деңгейде өздерін көрсете алады. Университет Қазақстанда жұмыс істеген үш жыл ішінде жүздеген қазақстандық, Орталық Азия және одан тыс жерлерден студенттерді тарта алдық, – деді Эрик Димла.
Саясат Нұрбек былтыр Қазақстанға 31,5 мың шетелдік студент оқуға келгенін тілге тиек етті.
– Азиядан келген студенттердің саны алғаш рет ТМД елдерінен келген студенттердің санынан асып түсті. Қазір 93 елден бізге білім алуға келді. Біздің стратегиямыз, бағыт-бағдарымыз бен Қазақстанды аймақтағы академиялық хаб ретінде орналастыруымыз өз жемісін бере бастады. Біздің KPI 2028-2029 оқу жылында 100 мың шетелдік студентке қызмет көрсетеді. Егер олар Қазақстанда орта есеппен 10 мың доллар қалдырса, бұл қазірдің өзінде 100 млн доллар. Халықаралық статистика бойынша бір шетелдік студентке 1,3 жұмыс орны болса, мыңдаған шетелдік студент 1300 жұмыс орнын ашады, – дейді Саясат Нұрбек.