Оның айтуынша, IT экожүйесінің басты даму институтына айналған Astana Hub резиденттерінің саны 1200-ден асты. Ал шетелдік компаниялар саны 319-ға жеткен.
"2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Astana Hub қатысушыларының табысы 161,5 млрд теңгені құрады. 31,82 млрд теңге инвестиция тартылды. Министрлік технологиялық хабтарды ашу және қолдау арқылы өңірлерде Astana Hub брендін тарата бастады. Бүгінде әкімдіктермен бірігіп 9 IT-хаб аштық. Биыл тағы 4 хаб ашылады", - деп атап өтті ведомство басшысы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу