Биыл қазақстандық экспорттаушыларға 574 млн теңгеден астам қаражат өтелген

672

Бұл отандық өңделген тауарларды жарнамалаумен және экспорттаумен айналысатын компанияларды қолдауға арналған. 

Биыл қазақстандық экспорттаушыларға 574 млн теңгеден астам қаражат өтелген

Ведомствоаралық комиссияның төрт отырысының қорытындысы бойынша 17 субъектіден жалпы сомасы 574 391 210,76 теңгеге 27 өтінім мақұлданды. Оның ішінде отандық өңделген тауарларды жарнамалауға 1 ғана субъектіден жалпы сомасы 428 571 теңгеге жалғыз, отандық өңделген тауарларды жеткізуге 16 субъектіден жалпы сомасы 573 962 639,76 теңгеге 26 өтінім бар. Атап айтқанда, теміржолмен  жеткізуге 480 943 491,52 теңге, автомобильмен жеткізуге 62 758 487 теңге, авиа-жеткізуге 30 260 660,84 теңге төленбек, деп хабарлады inbusiness.kz ҚР Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, мақұлданған өтінімдердің 17-сі шағын бизнестен, 4-і орта және 6-ы ірі бизнес өкілдерінен келіп түсті. Жақын арадағы Ведомствоаралық комиссия талқысына жалпы сомасы 853,6 млн.теңгеге 51 өтінім шығару жоспарланған. Оның ішінде 31 өтінім шағын бизнестен, 13-орта және 7-ірі бизнестен (11-жоғарғы бөленістер, 31-орта және 9-төменгі бөліністер) келіп түсті. Қазіргі уақытта экспорттаушы кәсіпорындардан тағы 262 өтінім қарастырылып жатыр. Қабылдау басталғаннан бері экспорттаушы кәсіпорындардан барлығы 474 өтінім келіп түскен.

Осы жылы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган өтінімдерді қабылдауды 2021 жылғы 26 қаңтарда бастады, ал өткен жылы қабылдау тек 12 наурызда басталған болатын. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында Ведомствоаралық комиссияның төрт отырысы өткізілді. Ал 2020 жылы бірінші тоқсанда тек 41 өтінім түсіп, бірде-бірі ВАК талқылауына өткізілмеген.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу