Биыл қазақстандықтар 493,3 миллиард теңгеге автокөлік алды

916

Шетелдік жаңа автокөліктердің орташа құны 22,2% -ға өскен.

Биыл қазақстандықтар 493,3 миллиард теңгеге автокөлік алды

Қазақстандық автобизнес қауымдастығы (ҚАБҚ) мәліметінше, 2018 жылдың 11 айында қазақстандықтар жаңа автокөліктер сатып алуға 493,3 млрд теңге жұмсады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33% -ға көп, деп хабарлайды қауымдастықтың баспасөз қызметі.

Елімізде қаңтар-желтоқсан айында 55 162 автокөлік сатылды (2017 жылғы қаңтардан бастап қараша айына дейін - 44 047).

Бір автокөліктің орташа бағасы 8,7 млн теңгені (+ 7,4%) құрады. Жаңа шетелдік автокөліктердің орташа құны 22,2% -ға артып, 12,1 млн теңгені құрады. Елімізде құрастырылған автокөліктер 12,8% -ға ғана қымбаттаған, олардың құны орташа есеппен 5,3 млн теңге болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу