Бұл туралы ІІМ өткен брифингіде Әкімшілік полиция комитеті Қару айналымын бақылау бөлімінің бастығы Асылбек Ыдырысов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Қаруды сатып алу бойынша жыл сайын өткізілетін акция ІІМ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылдап жатқан жалғыз шара емес екенін атап өткен жөн.
Мәселен, тұрақты негізде "Қару", "Құқықтық тәртіп" және т.б. өңірлік және республикалық жедел-алдын алу іс-шаралары жүргізіледі, олардың шеңберінде заңсыз айналымнан қару мен оқ-дәрілер алынады.
Биыл жылы осындай іс-шаралар аясында 600 бірліктен астам атыс қаруы тәркіленді. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, тұрғындардың заңсыз сақталған қару-жарақ заттарын полиция органдарына тапсыруы бойынша белсенді азаматтық ұстаным білдіруіңізді өтінемін", – деді спикер.